KitchenAid KCBSX 60600 Mode d'emploi Page 6

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 24
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 5
6
ОРНАТУ
• Еденге (мысалы: паркет) зақым келтірмеу
үшін құрылғыны жылжытқан кезде сақ
болыңыз.
• Құрылғыны оның салмағын көтере алатын
мейілінше мықты еденге жəне оның көлемі
мен қолданысына сай жерге түзу орнатыңыз.
• Бұл құрылғы техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген климаттық класқа
сəйкес төмендегі ауқымдағы температурасы
бар жерлерде жұмыс істеуге арналып
жасалған. Құрылғы көрсетілген ауқымнан тыс
температурада ұзақ уақыт қалып қойса, дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
• Техникалық кестеде көрсетілген кернеу
мөлшері сіздің үйіңіздегі кернеуге сай екеніне
көз жеткізіңіз.
ҚАУІПСІЗ ҚОЛДАНЫС
• Осы немесе өзге де электр құрылғыларының
айналасында жанармайды, тұтанғыш
сұйықтықтарды немесе газдарды сақтамаңыз
жəне қолданбаңыз. Бұлар өрттің немесе
жарылыстың түрткісі болуы мүмкін.
• Мұз текшелерін немесе мұз таяқшаларын
мұздатқыштан алған бетте пайдалануға
болмайды, себебі олар үсік шалуға əкелуі
мүмкін.
• Кез келген техникалық қызмет көрсету немесе
тазалау жұмыстарын жүргізбес бұрын,
құрылғы істекшесін суырып, қуат көзінен
ажыратыңыз.
• Ішіне сұйықтық құйылған шыны ыдыстарын
мұздатқыш бөлімшесінде сақтамаңыз, себебі
олардың сынып кетуі мүмкін.
• Қапталмаған тағамдарды мұздатқыш
бөлімшесінің ішкі бетіне тікелей жанастырып
сақтамаңыз.
• Егер мұздату кезінде есікті ашу қажет болса
немесе тағамды мұздатқыштан алып шығу
қажет болса, оның ішкі қабырғалары мен
мұздатылған тағамдарды тікелей қолмен
ұстамаңыз, себебі қолыңызды үсітіп алуыңыз
мүмкін.
Егер жоғарыдағы кеңес пен сақтық
шаралары орындалмаса, Өндіруші
адамдарға, жануарларға немесе мүлікке
тиген зақым үшін жауапты болудан бас
тартады.
Климаттық класс
Орта температура
(°C)
Салыстырмалы
ылғалдылық (%)
32560
43055
54040
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер
Құрылғыны құрғақ, жақсы желденетін, кез
келген жылу көзінен алшақ (мысалға,
радиатор, пеш жəне т.б.) жəне күн көзі тікелей
түспейтін жерге орнатыңыз. Қажет болса,
оқшаулағыш тілімшені қолданыңыз.
• Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін
орнату нұсқаулықтарын орындаңыз.
Қуатты үнемдеу кеңестері
Құрылғыны мүмкіндігінше дұрыс пайдалану
үшін, өнімнің сипаттамасы мен пайдалы
кеңестері жазылған жұмыс істеу
нұсқаулықтарын мұқият оқыңыз.
Болашақта қолдану үшін осы
нұсқаулықтарды сақтап қойыңыз.
1. Құрылғыны ашқаннан кейін, оның
зақымданбағанына жəне есігінің дұрыс
жабылатындығына көз жеткізіңіз. Кез келген
зақым жайлы, құрылғы жеткізілгеннен кейін,
сатушыға 24 сағат ішінде хабарлау қажет.
2. Тоңазытқыш айналымының толықтай
дайындығына сенімді болу үшін, құрылғыны
екі сағаттан соң ғана іске қосыңыз.
3. Құрылғыны қолданбас бұрын ішін тазалап
алыңыз.
4. Бұл өнім тағам сақтағыш емес “тез
суытқыш” болғандықтан, ол тағам сақтау
үшін қолданыла алмайды. Таңдалған
бағдарлама аяқталғаннан соң, тағамды алып
шығып, тоңазытқышқа не мұздатқышқа салу
қажет.
Құрылғыны қолданар алдында
Vue de la page 5
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 23 24

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire