47
ЕТТІ ДАЙЫНДАУ ЖƏНЕ ПІСІРУ
ЕЕТ (ТҰТАС СИРАҚ)
• Пісірерден бұрын туралатын етті өлшеп алған
дұрыс.
• Етті қапшықтың ішінде басқа құрамдастарды
қоспастан немесе əдеттегідей тұздап,
дəмдегеннен кейін пісіруге болады.
• Вакууммен пісіріп, қапшықты алғаннан кейін
еттің кесегін əдеттегідей бірнеше минут
табада қызарғанша қуыруға болады.
• “Roast beef” (Қуырылған сиыр еті) сияқты
кейбір туралған ет тоңазытылған күйде жеуге
жарайды. Етті суық күйінде тілгіш аспаптың
көмегімен тураңыз да, қалағаныңызша
дəмдеңіз (сұйық май мен бұрыш немесе
қосалқы тұздықтар).
• “lamb/veal loin” (қойдың/бұзаудың жон еті)
сияқты кейбір кесек етті сүйексіз пісіруге
болады. Қапшықты сүйекпен тесіп алмас үшін
тамақ дайындау кезінде аса наза аударыңыз.
БҰҚТЫРЫЛҒАН ТАҒАМ:
• Тағамның сапасы барынша жақсы болуы үшін
əрқашан да бұқтыруға жарайтын ет кесектерін
пайдаланыңыз.
• Әрқайсысы кем дегенде 3 см болатын ет
кесектерін пайдаланыңыз.
Негізгі рецепт:
Төмендегі рецепт бұқтырылған тағамның барлық
түрлері үшін қарапайым нұсқаулық пен негізгі
рецепт ретінде келтірілген:
250 г ет
30 г сəбіз (жұқалап туралған)
50 г картоп (текшелеп туралған)
80 г қызанақ
Татымына қарай тұз бен асшөптер
ЕТ (КЕСЕКТЕР):
• Ет кесектерін (жон еті, оссобуко)
қалағаныңызша құрғақ немесе ылғал күйінде
(əр қапшыққа 80 - 100 г қызанақ қосып) пісіру
əдістерімен дайындауға болады. Егер арық
еттен дайындайтын болсаңыз, қапшыққа сұйық
тағам қосуды ұсынамыз.
• Тағамның түпкі нəтижесі үшін ет кесегінің
қалыңдығының маңызы зор. Егер бекон сияқты
майлы етті пісіретін болсаңыз, тілімдерінің
қалыңдығы 2 см болуға тиіс.
ЖІЛІНШІК:
• Қапшықты тесіп алмас үшін жіліншікті сүйексіз
күйінде пісірген жөн.
• Егер үлкен жіліншікті (бұзау) пісіретін
болсаңыз, сүйегін алып, етін кесектеп
турағаннан кейін оны бірнеше қапшыққа бөліп
салу керек болуы мүмкін.
ҚҰС ЕТІ:
• Тауықтың төс етін тұтас, кесіп немесе тіліп
пісіруге болады. Қалай турауды таңдасаңыз
да, қалағаныңызша құрғақ немесе ылғал пісіру
əдісін пайдалануға болады. Сондай-ақ төс
еттен қалта жасап, оған өзіңізге ұнаған
толтырманы (ветчина, ірімшік пен көкөніс
жапырағы) салып пісіруіңізге болады.
• Сирақтарын сүйегімен немесе сүйексіз пісіруге
болады. Қапшықты тесіп алмас үшін
сүйектерінің үшкір ұштары жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
• Вакууммен пісіріп, қапшықты алғаннан кейін
еттің кесегін əдеттегідей бірнеше минут
табада қызарғанша қуыруға немесе қақтауға
болады.
Б
АЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАУ ЖƏНЕ ПІСІРУ
ҚОҢ ЕТІ НЕМЕСЕ ТІЛІМДЕРІ:
• Балықтың қоң етін немесе тілімдерін құрғақ
пісіру əдісі бойынша немесе шамалы
дəмдеуіштер қосып пісірген жөн.
• Қоң етін вакууммен пісірген кезде жақсы
нəтижеге жету үшін дұрыс келетін кесектерді
(300/400 г немесе одан артық) таңдаңыз.
• Вакууммен пісіріп, қапшықты алғаннан кейін
балықты əдеттегідей бірнеше минут табада
қызарғанша қуыруға немесе қақтауға болады.
БАЛЫҚ (ТҰТАС):
• Тұтас балықты пісірерден бұрын оны
(қабыршағы мен ішек-қарнын) жақсылап
тазалаңыз.
• Тұтас балықты салу үшін қапшықтың көлемі
жеткіліксіз болса, оның басы мен құйрығын
алып тастаңыз.
• Балықты құрғақ пісіру əдісі бойынша немесе
жеке татымыңыз бойынша сұйық тағам
(мысалы, сұйық май, кілегей, тұздық) қосып
пісіріңіз.
• Вакууммен пісіріп, қапшықты алғаннан кейін
балықты əдеттегідей бірнеше минут табада
қызарғанша қуыруға немесе қақтауға болады.
ҰЛУ:
• Ұлуды пісірердің алдында терісін, ішек-қарны
мен шеміршегін алып тастау арқылы
жақсылап тазалаңыз.
• Сегізаяқ сияқты ірі ұлуларды кесектеп тураған
жөн. Оларды құрғақ пісіру əдісі бойынша
немесе жеке татымыңыз бойынша сұйық
(қызанақ, дəмдеуіштер, тұздықтар) пісіру
əдісімен пісіруге болады.
• Вакууммен пісіріп, қапшықты алғаннан кейін
ұлуларды əдеттегідей бірнеше минут табада
қызарғанша қуыруға немесе қақтауға болады.
• “Тілінген сегізаяқ немесе кальмар-иллекс
дөңгелектері” сияқты кейбір бөлінген түрлерін
тоңазытылған температурада, картоп, салат
немесе қалауыңызша басқа көкөністен қосып
жеуге болады.
ТЕҢІЗ ЖƏНДІКТЕРІ:
• Тұтас теңіз жəндіктерін пісірерден бұрын
жақсылап тазалаңыз (ішек-қарнын алып
тастаңыз).
• Қапшықты тесіп алмас үшін теңіз жəндіктерін
Пісіру мен дайындау бойынша кеңес
Commentaires sur ces manuels