KitchenAid KMMGX 45600 Mode d'emploi Page 24

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 36
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 23
Қолдан жібіткен кезде “Микротолқындармен пісіру және қыздыру” тарауындағы
әрекеттерді орындап, 160 Вт қуат деңгейін таңдаңыз.
Тағамды уақытылы қараңыз және тексеріңіз. Тәжірибе жинай келе әр түрлі мөлшердегі
тағамдарды пісіруге қажетті уақыттарды анықтай аласыз.
Пластик қалталардағы, таспалардағы немесе картондағы мұздатылған тағамдарды
орамында темір бөлшектері жоқ болса (мысалы, темір баулары) пешке тура қоюға
болады.
Орамның пішімі жібіту уақытына әсер етеді. Тығыз текшеге қарағанда жайпақ орамдағы
тағам тез жібиді.
Тағамның жіби бастаған бөліктерін ала бастаңыз. Тағамның жекелеген бөліктері тезірек
жібиді.
Тағамның кішкене тұстарын, егер жыли бастаса
(мысалы, тауықтың сирақтары және қанаттарының ұштары) шағын алюминий
жұқалтырмен жабыңыз.
Үлкен бөліктерін жібітудің орта тұсына келгенде аударыңыз.
Қайнаған, бұқтырылған тағамдарды және ет тұздықтарын жібіту барысында
араластырсаңыз жақсырақ жібиді.
Тағамды жібіткен кезде шамалы шала жібітіп, қоя тұру уақыты кезінде әбден жібітуге
мүмкіндік беріңіз.
Жібітіп болғаннан кейін шамалы қоя тұрсаңыз, температура тағам бойына біркелкі
таралатындықтан нәтижесі жақсара түседі.
Қолдан жібіту
1. Көп функция тетігін Jet Defrost (Жылдам жібіту)
көрінгенше бұраңыз.
2. Тағамды таңдау үшін реттеу тетігін бұраңыз.
3. Таңдауыңызды растау үшін ok түймешігін
басыңыз.
4. Салмақты орнату үшін реттеу тетігін бұраңыз.
5. Start (Бастау) түймешігін басыңыз.
Бұл функцияны ет, құс етін, балық, көкөністерді және нанды жібіту үшін пайдаланыңыз.
Jet Defrost (Жылдам жібіту) функциясын тағамның таза салмағы 100 г - 3,0 кг аралығында
болса ғана пайдалану керек.
Тағамды әрқашан шыны бұрылмалы табаққа қойыңыз.
Жылдам жібіту
24
eq
w
r
t
Jet Defrost
200 g
AMOUNT
19:15
END TIME
Defrosting
15:00
COOK TIME
Vue de la page 23
1 2 ... 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 ... 35 36

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire