KitchenAid KMQCX 45600 Mode d'emploi Page 41

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 48
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 40
Пешке күтім көрсету үшін әдетте тек
тазалау жұмыстарын орындау ғана қажет.
Пешті таза ұстамасаңыз, беткі қаптаманың
сапасына әсер етіп, құрылғының қолданыс
мерзіміне кері әсерін тигізуі және қатерлі
жағдайға әкелуі мүмкін.
Басқару панеліне, пештің ішкі және сыртқы
беттеріне зақым келтіруі мүмкін темір
түрпілі жөкелерді, тазалауға арналған
жеміргіш құралдарды, темір жүн
жөкелерді, түрпілі шүберектерді
пайдаланбаңыз.
Бейтарап жуғыш зат пен жөкені немесе әйнек
спрейі мен қағаз сүлгіні пайдаланыңыз.
Әйнек спрейін қағаз сүлгіге себіңіз.
Пешке тура шашыратпаңыз.
Бұрылмалы табақты, бұрылмалы
табақтың тұғырын ара-тұра, әсіресе тағам
төгіліп қалса алып, пештің табанын сүртіңіз.
Бұл пеш бұрылмалы табақ орнында
тұрғанда пайдаланатын етіп жасалған.
Микротолқынды пешті бұрылмалы табақты
тазалау үшін алған кезде іске қоспаңыз.
Бейтарап жуғыш затты, су мен шүберекті
пайдаланып, пештің ішкі беттерін, есігінің
алдыңғы және артқы жағын және есіктің
жақтауын тазалаңыз.
Есіктің айналасына май немесе тағам
қалдықтарының жиналып қалуына жол
бермеңіз.
Қатып қалған қоқыстарды тазалау үшін
пешке бір кесе су қойып, 2 немесе 3 минут
қайнатыңыз. Бу дақтарды жібітеді.
Микротолқынды пешті тазалау үшін бумен
тазалайтын құрылғыларды пайдаланбаңыз.
Кеседегі суға шамалы лимон қосып,
бұрылмалы табаққа қойып бірнеше минут
қайнатсаңыз, пештің ішіндегі иіс кетеді.
Гриль элементін тазалаудың қажеті жоқ,
себебі, қатты қызу шашыраған тағамдарды
күйдіріп жібереді, бірақ оның үстіндегі төбені
уақытылы тазалау қажет болуы мүмкін.
Тазалау үшін жылы су мен жуғыш затты және
жөкені пайдалану керек. Егер Грильді жиі
пайдаланбасаңыз, айына 10 минут қосу керек.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАМЕН ТАЗАЛАУҒА
БОЛАДЫ:
Бұрылмалы табақтың
тұғыры
Шыны бұрылмалы табақ
Жұқа табақтың тұтқасы
Тор сөре
Бу кәстрөлі
Пісірме табақ
Қақпақ
АБАЙЛАП ТАЗАЛАҢЫЗ:
Жұқа табақты жуғыш зат
қосылған жылы сумен тазалау
керек.
Қатты ластанған жерлерін бейтарап жуғыш
зат қосылған түрпілі жөкемен тазалауға
болады.
Жұқа табақты тазалау алдында әрқашан
салқындатыңыз.
Ыстық тұрған жұқа табақты суға
батырмаңыз немесе сумен шаймаңыз.
Жылдам суытқан кезде зақым келуі мүмкін.
Темір жүн жөкелерді пайдаланбаңыз. Беткі
жағына сызат түсіруі мүмкін.
Күтіп ұстау және тазалау
41
Vue de la page 40
1 2 ... 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire