KitchenAid KOQCX 45600 Mode d'emploi Page 4

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 52
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 3
5
Бұл нұсқаулар сондай-ақ мына веб-сайтта бар: docs.kitchenaid.eu
ауіпсіздік нсаулары
МАҢЫЗДЫ: ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ
ҰСТАНУ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Оларды болашақта анықтама
ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Бұл нұсқаулар мен құрал барлық
уақытта ұстану қажет маңызды
қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз
етеді.
Өндіруші осы қауіпсіздік
нұсқауларын орындамау, құрылғыны
дұрыс қолданбау немесе басқару
элементтерін дұрыс орнатпау
нәтижесінде туындаған ақаулыққа
қатысты жауапкершілікті мойнына
алмайды.
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
Кішкентай сәбилер (0-3 жас) мен
жас балалар (3-8 жас) үздіксіз
бақылауда болмаса, оларды
құрылғыға жақындатуға болмайды.
8 жастан және асқан балалар мен
физикалық, көру және есту қабілеті
шектеулі немесе ақыл-есі кем
немесе тәжірибесі мен білімі жоқ
адамдарға бұл құралды жанында
жетекші болған жағдайда немесе
құрылғыны қауіпсіз қолдану
нұсқаулары берілген және оларды
түсінген жағдайда ғана қолдануға
болады. Балалар құрылғымен
ойнамау қажет. Тазалау және
жөндеу жұмыстарын, егер жанында
жетекшілік ететін ересек адам
болмаса, балаларға орындауға
болмайды.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның
қолжетімді бөлшектері пайдалану
барысында қызып кетеді: үздіксіз
бақылауда болмаса, 8 жастан төмен
балаларды жақындатпау керек.
ЕСКЕРТУ: Ыстық элементтерін
немесе ішкі бетін ұстамаңыз, күйіп
қалуыңыз мүмкін.
Тағамды құрғату барысында
құралды ешқашан кездейсоқ
қалдырмаңыз.
Құрылғы зонд пайдалану үшін
қолайлы болса, осы пеш үшін
ұсынылатын зонд температурасын
ғана қолданыңыз.
Барлық бөліктері толығымен
суымайынша, киімдеріңізді немесе
басқа жанатын заттарды
құрылғыдан әрі ұстаңыз.
Шамадан тыс қызған сұйық май
және тоң май оңай тұтанады. Майы
көп немесе арақ қосылған тағамды
пісіргенде аса абай болу қажет
(мысалы, ром, коньяк, вино) өрт
қаупі болады.
Кастрөлдер мен табаларды алу
үшін пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз, қыздыру
элементтеріне тиіп кетпеңіз.
Тамақ пісіріп болған соң қақпағын
ашқан кезде абай болыңыз, пешті
ашпас бұрын жайлап буды немесе
ыстық ауаны шығарыңыз.
Пештің алдыңғы жағындағы ауа
желдеткіштерін бітемеңіз.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
САҚТАНЫҢЫЗ: Бұл құрылғы
сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен
пайдаланылуға арналмаған.
Бұл құрылғы кәсіби емес, тек
тұрмыста пайдалануға арналған.
Vue de la page 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 51 52

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire