KitchenAid KCVWX 20600L Mode d'emploi Page 26

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 32
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 25
26
Күту және тазалау
Болат бөлшектерді тазалау үшін, құрылғының
жиынтығымен бірге жабдықталған
микроталшықты мата мен сорғышты
қолданыңыз.
Мата мен сорғышты үнемі болаттың тегістеу
бағытына қарай қолданыңыз.
Ауық-ауық, болатты жарқырату үшін, оны сәл
ылғалды микроталшықты матамен сүртіп
отырыңыз.
Тұтқалар мен әйнек сөрелердің жиектері сияқты
алюминий бөлшектерге сорғышты қолданбаңыз.
Құрылғының желдеткіш саңылауларын немесе
олардың орналасқан корпустарын бөгеттерден
таза ұстау үшін, ерекше күтім жасап отырыңыз.
Жабдықталған жинақтағы нұсқаулықтың әр
сөзін ыждихатпен орындаңыз және де
құрылғының тегіс тысын тырнап
зақымдайтын абразивті немесе металл
өнімдерді ешқашан пайдаланбаңыз.
Тазалаудың қандай да бір түрін жасамас
бұрын, алдымен құрылғыны электр
қуатынан ажыратып алыңыз. Тоңазытқыш
айналымына зақым келтірмейтініңізге көз
жеткізіңіз.
Ішкі және жылжымалы бөлшектерді бір шымшым ас
содасы, ыдыс жуғыш тазалағыш зат қосылған
қанжылым сумен жуып, тазалаңыз.
Бірден шайыңыз және құрғатыңыз.
Жібітуді тездету үшін механикалық жабдықтарды
немесе басқа да әдістерді қолданбаңыз.
Әр 6 ай сайын, дисплейде “Check Cond.”
хабарлама пайда болады; конденсаторды тазалап
және Enter түймесін 5 секундтке қайта орнату
үшін басыңыз.
Электр бөлшектеріне, шамдар мен басқару
панеліне суды қолданбаңыз.
Суық әйнек бөлшектерінің қайнап тұрған сумен
жанасуын болдырмаңыз.
Тоңазытқыштың кез-келген бөлшектерін ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз, себебі, ол
бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін немесе
жөндеуге келмейтіндей майыстыруы мүмкін.
Алдыңғы желдеткіш торының артында
(құрылғының астында) сорғыш сүзгі бар; ол
желдету жүйесін шаңнан қорғайды. Оны тазалау
үшін, максималды сору режиміндегі
шаңсорғыштың жұмсақ қылшық қосалқысымен
тордың қабырғаларының бойымен жүргізіп
отырасыз. Егер шаң қалың болса, ауа
желдеткішін алып тастап, сүзгіні тәптіштеп
тазалап алуға болады. Бұндай жағдайда, қырлы
конденсатордың жағдайын тексеріп, қажет болса,
оны да тазалаңыз.
Келесі қадамдарды орындаңыз:
Негізгі бақылау панеліндегі құрылғы түймесін
3 секунд басып тұру арқылы, құрылғыны
өшіріңіз.
Қабырғадағы желдеткіш торын босатып бұраңыз
және алып шығыңыз.
Желдеткіш торын және сүзгіні шаңсорғышпен
мұқият тазалап алыңыз.
Конденсатор температурасы бөлме
температурасымен теңескенше, 30 минут күтіңіз.
Қонденсатордағы шаңның барлық іздерін жою
үшін, суретте көрсетілгендей, зақым
келмейтіндей етіп, тазалап алыңыз. Құрылғыны
қайта қосу үшін, құрылғы түймесін
қайтадан, шамамен 3 секунд бойы басып
тұрыңыз.
Қонденсатордың қырлары өткір
болғандықтан, қонденсаторды қауіпсіз түрде
тазалау үшін, қолыңыз бен білегіңізге тиісті
қорғаныс киімін киіңіз.
Ішкі тазалау
Желдету торын, сүзгіні және конденсаторды тазалау
Vue de la page 25
1 2 ... 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire