KitchenAid KCVWX 20600L Mode d'emploi Page 4

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 32
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 3
4
Бұл құрылғы үй шаруасында қолдануға және төмендегі орталарда қолдануға арналған:
- дүкендерде, кеңселерде және басқа жұмыс орындарындағы жұмысшыларға арналған ас үйлер
аймағында;
- фермаларда және конақ үй, мейманхана және басқа да тұрғын үй тектес мекемелердің
клиенттеріне;
- жатақ және таңғы ас тектес орындарда;
Құрылғыны мүмкіндігінше дұрыс пайдалану үшін, өнімнің сипаттамасы мен пайдалы
кеңестері жазылған жұмыс істеу нұсқаулықтарын мұқият оқыңыз.
Болашақта қолдану үшін осы нұсқаулықтарды сақтап қойыңыз.
1. Құрылғыны ашқаннан кейін, оның зақымданбағанына және есігінің дұрыс жабылатындығына көз
жеткізіңіз. Кез келген зақым жайлы, құрылғы жеткізілгеннен кейін, сатушыға 24 сағат ішінде
хабарлау қажет.
2. Тоңазытқыш айналымының толықтай дайындығына сенімді болу үшін, құрылғыны екі сағаттан
соң ғана іске қосыңыз.
3. Құрылғыны орнатуды және электр желісіне жалғауды өндірушінің нұсқаулары мен жергілікті
қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті техник маман іске асыруға тиіс.
4. Құрылғыны қолданбас бұрын ішін тазалап алыңыз.
Құрылғыны қолданар алдында
1. Қаптау
Қаптау материалы 100% қайта өңделмелі және қайта өңдеу белгісімен таңбаланған . Жою
барысында жергілікті нормативтік ережелерді сақтаңыз. Орауыш материалдарын (пластмасса
қаптар, полистиролдан жасалған бөлшектер, т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз,
себебі олар ықтимал қатер көзі болып табылады.
2. Арылу/Жою
Құрылғы өңделетін материалдан жасалған.
Бұл құрылғы Электрлік және электрондық жабдықтардың қалдықтары (ЭЭЖҚ) туралы 2002/96/EC
еуропалық нұсқауларға сәйкес таңбаланған. Осы құрылғыдан дұрыс арылуды қамтамасыз ету
арқылы сіз қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына келтірілетін ықтимал кері әсерді
азайтуға көмектесе аласыз.
Құрылғыдағы немесе оған қоса берілетін құжаттардағы мына белгі осы құрылғының тұрмыстық
қалдық ретінде тасталмауға тиіс екенін, электрлік және электрондық жабдықты қайта өңдеуге
арналған арнайы жинау орталығына тапсырылуға тиіс екенін білдіреді.
Құрылғыдан арылған кезде балалар ішіне оңай кіріп қамалып қалмас үшін, оның есіктерін,
сөрелерін және қуат сымын жарамсыз етіп кесіп тастаңыз.
Құрылғыдан арылған кезде, қалдықты жоюға қатысты жергілікті нормативтік ережелерді сақтап,
арнайы жинау орталығына өткізіңіз; құрылғыны бірнеше күнге де қараусыз қалдырмаңыз, себебі ол
балалар үшін ықтималды қауіп көзі болып табылады.
Осы құрылғыны қолдану, қалпына келтіру және қайта өңдеу туралы толық ақпарат алу үшін
жергілікті құзырлы мекемеге, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне немесе осы құрылғыны
сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Ақпарат:
Бұл құрылғының құрамында хлорфтор көміртегі жоқ. Тоңазытқыш зат айналымының құрамына
R134a (HFC) немесе R600a (HC) кіреді (құрылғының ішіндегі техникалық кестені қараңыз).
Изобутаны (R600a) бар құрылғы: изобутан қоршаған ортаға ықпал етпейтін табиғи газ болып
табылады, бірақ ол жанғыш болып келеді. Сол себепті, тоңазытқыш зат айналымының түтіктерінің
зақымданбағандығына көз жеткізіңіз.
Бұл өнімнің құрамында Киото протоколында қарастырылған Фторлы Жылыжай Газы болуы мүмкін;
тоңазытқыш газ саңылаусыз түрде жабылған жүйе ішінде орналасқан.Тоңазытқыш газ: R134a
газының Жаһандық Жылыну Шамасы (ЖЖШ) бойынша көрсеткіші - 1300.
Қоршаған ортаны сақтау
Vue de la page 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 31 32

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire