KitchenAid KMQCX 45600 Mode d'emploi Page 11

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 48
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 10
ЖАЛПЫЛАМА НҰСҚАУ
Дүкеннен көптеген керек-жарақтарды сатып
алуға болады. Оларды сатып алудың алдында
микротолқынды пеште пайдалануға жарамды
екеніне көз жеткізіңіз.
Пайдаланатын ыдыстарыңыздың пешке
төзімді екеніне және тағам піспей тұрып
микротолқындарды өткізе алатынына көз
жеткізіңіз.
Тағамды және керек-жарақтарды пешке
салғанда, олардың пештің ішкі бетіне
тимейтініне көз жеткізіңіз.
Бұл әсіресе темірден жасалған немесе
бөлшектері темір керек-жарақтарды
қолданған кезде маңызды.
Егер пеш жұмыс істеп тұрған кезде пештің
ішкі бетіне темір бөлшектері бар керек-
жарақтар тиіп кетсе, жарқыл пайда болып,
пешке зақым келуі мүмкін.
Пешті іске қосу алдында әрқашан
бұрылмалы табақтың айнала алатынына көз
жеткізіңіз.
БҰРЫЛМАЛЫ ТАБАҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ
Шыны бұрылмалы табақтың
астына бұрылмалы табақтың
тұғырын пайдаланыңыз.
Бұрылмалы табақтың тұғырына
басқа ешбір ыдыс қоймаңыз.
Бұрылмалы табақтың
тұғырын пешке орнатыңыз.
ШЫНЫ БҰРЫЛМАЛЫ ТАБАҚ
Шыны бұрылмалы табақты
барлық пісіру тәсілдерін
қолданған кезде пайдаланыңыз.
Бұл тағамның май-сөлін және
бөлшектерін пештің ішкі беттерін
ластамау және дақ қалдырмау үшін жинайды.
Шыны бұрылмалы табақты бұрылмалы
табақтың тұғырына қойыңыз.
ПІСІРМЕ ТАБАҚ
Пісірме табақты желдеткішпен
пісірген кезде пайдаланыңыз.
Бұны ешқашан
микротолқындармен бірге пайдаланбаңыз.
ТОР СӨРЕ
Гриль функцияларын
пайдаланып гриль жасаған
кезде биік тор сөрені
пайдаланыңыз.
Аласа тор сөрені Желдеткішпен
пісіру функцияларын
пайдаланғанда үстіне тағам
қойып, тағам айналасында
ауаның дұрыс айналуын қамтамасыз ету үшін
пайдаланыңыз.
ЖҰҚА ТАБАҚТЫҢ ТҰТҚАСЫ
Пештен ыстық жұқа табақты
алу үшін жинақпен бірге
берілген арнайы жұқа табақ
тұтқасын пайдаланыңыз.
ЖҰҚА ТАБАҚ
Тағамды жұқа табақтың үстіне
тура қойыңыз. Жұқа табақты
пайдаланғанда әрқашан шыны
бұрылмалы табақты тірек
ретінде пайдаланыңыз.
Жұқа табақтың үстіне ешбір ыдыс қоймаңыз,
себебі ол тез қызып кетеді және ыдысқа
зақым келтіруі мүмкін.
Жұқа табақты пайдалану алдында алдын
ала қыздыруға болады (ең көбі 3 мин). Жұқа
табақты алдын ала қыздыру үшін әрқашан
Жұқа табақ функциясын пайдаланыңыз.
БУ КӘСТРӨЛІ
Балық, көкөніс және картоп
тәрізді тағамдар үшін тор
науасы салынған бу кәстрөлін
пайдаланыңыз.
Күріш, паста және ақ бұршақ
тәрізді тағамдар үшін бу кәстрөлін тор
науасын салмай пайдаланыңыз.
Бу кәстрөлін әрқашан шыны бұрылмалы
табаққа қойыңыз.
ҚАҚПАҚ
Тағамды
микротолқындармен ғана
пісіру және қыздыру
кезінде жабу үшін және
тағамның шашырауын азайту,
ылғалын сақтау, қажетінше
пісіру уақытын азайту үшін
қақпақ қолданылады.
Екі деңгейде пісіру үшін
қақпақты пайдаланыңыз.
Керек-жарақтары
11
Vue de la page 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 47 48

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire