KitchenAid KOHSP 60602 Mode d'emploi Page 21

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 32
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 20
21
Пешті пайдалану нұсқаулығы
АВТОМАТТЫ ПЕШТІ ТАЗАЛАУ
Осы функцияның сипаттамасын ТАЗАЛАУ бөлімінен және 7-беттегі функциялар кестесінен
қараңыз.
PYRO
COOL
Пештің автоматты тазалау циклын (пиролит) бастау үшін келесі әрекетті орындаңыз:
1. Функциялар тетігін "PYRO" күйіне бұраңыз.
2. Таңдауыңызды растау үшін
түймешігін басыңыз да, пиролитпен тазалау циклын
бастаңыз.
ECO параметрін экранға шығару үшін "Шарлау" тетігін бұраңыз: дисплейдің төменгі оң
жағында ECO жазуы пайда болады. Кері санақты бастау үшін
түймешігін басыңыз.
Пиролитпен тазалау барысында пештің есігі автоматты түрде бекітіледі және дисплейде
белгісі көрінеді.
Есік тазалау циклының соңында бекітілген қалпы тұрады: Дисплейде "COOL" жазуы пайда
болады да, пештің әлі салқындап тұрғанын көрсетеді. Пеш қауіпсіз температураға дейін
салқындаған кезде
белгісі сөніп, дисплейде "END" пайда болады.
КІЛТ БЕКІТПЕСІ
Бұл функцияны басқару панелінің түймешіктері мен тетіктерін бұғаттау үшін пайдалануға
болады.
Оны белсендіру үшін
және түймешіктерін бір уақытта кем дегенде 3 секунд бойы
басып ұстап тұрыңыз. Қосылған кезде түймешіктердің функциялары бұғатталады және
дисплейде кілт белгісі пайда болады. Бұл функцияны тағам пісіру барысында қосуға да
болады. Сөндіру үшін жоғарыдағы әрекетті қайталаңыз. Кілт бекітпесі функциясы қосулы
тұрғанда пешті тетікті 0 (нөл) қалпына бұрап сөндіруге болады. Бұндай жағдайда, алдыңғы
таңдалған функцияны қайта орнату қажет болады.
Vue de la page 20
1 2 ... 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 ... 31 32

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire